Президент шәкіртақысын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 маусым 2024
  • 203

Президент шәкіртақысын иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Су шаруашылығы және жерге орналастыру" білім беру бағдарламаларының 6В07369-Жерге орналастыру мамандығының 4 -курс студенті Әміртай Ақбота ҚР Президентінің шәкіртақысының иегері атанды.
ҚР Президентінің шәкіртақысының иегерлері оқудағы көрсеткіштері ғана емес, ғылыми және шығармашылық өмірдегі белсенділігі де ескеріледі. Осы талапқа сай шыққан Ақботаның да жетістіктері аз емес.
Әміртай Ақбота Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІV Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
9-мамыр, Жеңіс күніне орай, Жастар ұйымдары арасында өткізілген университетішілік байқауға қатысып, ІІ орынға ие болды.
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дарынды жастар» жобасы аясында «Қазақстан Республикасы жастарының 100 жаңа есімі» атты байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды. Мақаласы кітап жинағына енді.
Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ұйымдастырған «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдама» байқауының финалисті.
Президенттік степендияның талаптарына сай келіп, оқуда озат, қоғамдық өмірге белсене қатысып, халықаралық додаларда топ жарған Ақбота оқу жылында бір емес, үш мәрте шәкіртақыға ие болды. Білімді түлегімізді жетістігімен құттықтаймыз!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...