Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университеті тағы бір халықаралық рейтингке тұңғыш рет енді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 маусым 2024
  • 169

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университеті тағы бір халықаралық рейтингке тұңғыш рет енді

2024 жылдың 12 маусымында «Times Higher Education» халықаралық рейтингтік компаниясының нәтижесі жарияланды.
Бұл рейтинг алтыншы жыл қатарынан жасалып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеушілікті көрсетеді.
Рейтингке 125 елден 2152 университет кірді. Германия университеттері әлемдік көшбасшы болып табылады. Ең көп ұсынылған университеттер Үндістан, Түркия және Пәкістан.
Қазақстан рейтингте 26 жоғары оқу орнымен ұсынылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (10 ЖОО) 3 есеге жуық артық.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет осы рейтингте жаһандық University Impact Rankings-2025 индикаторы бойынша нәтиже көрсетті.
 
302.jpg
University Impact Rankings - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес университеттерді бағалайтын әлемдегі жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингі.
Рейтинг қорытындысы бойынша БҰҰ жоспарының тұрақты даму мақсаттары негізінде университетіміз:
10-мақсат. Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту.
11-мақсат. Тұрақты қалалар мен елді мекендер
303.jpg
304.jpg
16-мақсат. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар
17-мақсат. Тұрақты даму үшін серіктестік бойынша көрсеткіштерін жақсартып, әлемдегі 1501+ үздік ЖОО-лар қатарынан орын иеленді.
Times Higher Education «University Impact Rankings-2025» рейтингінде орын алған қазақстандық университеттерді барша әріптестерімізді құттықтаймыз!
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...