Гандболшы қыздар чемпион атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 маусым 2024
  • 94

Гандболшы қыздар чемпион атанды

Астанада қаласында әйелдер командалары арасындағы гандболдан Қазақстан чемпионаты өтті. 32-ші рет ұйымдастырылған чемпионатта 7 команда өзара сайысқа түсіп, ішінен ең мықты 4 команда іріктеліп шықты. Финалда Қызылорда, Астана, Өскемен, Шымкент командалары өзара жүлделі орындарға таласты. Нәтижесінде 1-орынды Қызылордалық «Сейхун» құрама командасы жеңіп алып, чемпион атанды.
Команда құрамында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының ФКС-22-2 оқу тобының студенті, қол добынан халықарлық дәрежедегі спорт шебері Жұмабек Альсина Дарханқызы, ФКС-22-1 тобының студенті, Қазақстан Республикасының Спорт шебері Амит Аружан Сабитқызы, ФКС 21-3-3 оқу тобының студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері Сабыржанқызы Назым да үздік ойын көрсетті.
313.jpg
 
314.jpg
 
Чемпионаттың жеңіс тұғырынан көрінген «Сейхун» құрама командасын және студент қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Спорт биігінде бағындырар белестеріңіз көп болсын, біздің мақтаныштарымыз!
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...