Аралда өткен тарихи жиын
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 шілде 2024
  • 23

Аралда өткен тарихи жиын

Арал қаласында «Әбілқайыр хан: Ұлттық құрылтай. Қарақұм құрылтайы 1710,1726. Бұланты шайқасы-1727» атты ғылыми танымдық конференция және «Қоғамдық пікір Біріккен Ұлттар ұйымының Арал өңірі экологиялық инновация және технологиялар аймағы» деп жариялау туралы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Археология және этнография ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, Тарих және археология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD доктор, Құрманиязов Ыслам Серікұлы қатысты.
 
322.jpg
 
323.jpg
 
​Конференция барысында Қазақ тарихында ең үлкен маңызы бар Арал маңы Қарақұмында өткен Қарақұм құрылтайының маңызы, Бұланты, Аңырақай шайқастарында қолбасшылық жасаған қазақ хандарының бірі Әбілқайыр ханның тұлғасы және қазақ тарихында алатын орны туралы республикадағы белігілі тарихшылар мен өлкетанушылардың баянадамалары тыңдалды. Белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты доцент Ирина Ерофееваның «Әбілқайыр хан: қолбасшы, саясаткер» атты еңбегінің қазақ тіліне аударылған нұсқасы жұртшылық назарына таныстырылды.
 
324.jpg
 
325.jpg
 
​«Біріккен Ұлттар ұйымының Арал өңірі экологиялық инновация және технологиялар аймағы» дөңгелек үстелі барысында ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер жөніндегі Қазақстан ұлттық комитетінің төрағасы, геология және минерология ғылымдарының докторы Саида Нигматова «Арал теңізі мен өңірінде геопарк құру және дамыту» атты баяндамасын оқыды. Баяндамашымен Арал аймағының тамаша геологиялық, сонымен қатар құм басып жатқан тарихи-мәдени мұралардың осы жаһандық геопарктың жүйесіне қосу және көпшілік назарына ұсыну жайлы ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жүргізілуі қажет деп түйінделді. Қорыта келгенде, әлем назарын аудартқан Арал аймағының дамытуға арналған жаңа форматтағы кездесулер, алда да жалғасын табатын болады.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...