Жаңа оқу жылы жаңашылдыққа толы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 қыркүйек 2024
  • 66

Жаңа оқу жылы жаңашылдыққа толы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні және 1 қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі екенін айтты.  Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар мен білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

IMGL8005.JPG

IMGL7674.JPG

«Былтыр QS британдық агенттігінің рейтингісі бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет әлемдік мықты жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Сонымен қоса, Бірлескен ұлттар ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын дамыту бойынша биыл алғаш рет Times Higher Education әлемдік ЖОО рейтингінен орын таптық. Қазіргі таңда университетте 113 білім беру бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам студент білім алып, 500-ден аса профессор-оқытушы құрамы қызмет етеді»,-деді Бейбіткүл Кәрімова.

Президенттің тапсырмасы бойынша Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп «Жасанды интеллект және информатика» институты ашылып, жаңа оқу жылында алғашқы білім алушыларын қабылдады. Ағымдағы оқу жылына ҚР ҒЖБМ 100 грант бөлінді. Келесі оқу жылынан бастап «қос диплом» бағдарламасы жүзеге асырылады.

IMGL7864.JPG

IMGL7810.JPG

Жыл сайын білім алушылар саны артып келеді. Соңғы 3 жылда студенттердің контингенті 33%-ға артты. Биылғы 2024-2025 оқу жылына 3205 білім алушы қабылданып, оның 1315-і білім грантын иеленді. 
Айта кетейік, жаңа оқу жылында жатақхана мәселесі толық шешімін тапты. Қазіргі таңда 1460 орындық 7 жатақхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, 50 орындық коворкинг-орталығы бар асхананың құрылысы жүргізілуде.

IMGL8412.JPG

Салтанатты шарада  жоғары білікті мамандар даярлауда еңбек етіп жүрген және оқу орнының стратегиялық дамуына үлес қосқан университеттің  бірқатар қызметкерлері марапат төрінен көрінді.
Жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, зиялы қауым өкілдері, университет ардагерлері, оқытушы-профессорлар мен университет түлектері және білім алушылар қатысты. Салтанатты шара «Дидар» халықтық би ансамблі, университет түлектері мен білім алушыларының мерекелік концертімен қорытындыланды.

IMGL7956.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...