«ASK Hack Day»: Студенттер байқауда бас жүлде иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 шілде 2022
  • 1723

«ASK Hack Day»: Студенттер байқауда бас жүлде иеленді

Астана IT университетінде мобильді қосымша жасаудан «ASK Hack Day» байқауы өтті.

Хакатонға еліміз бойынша 40 команда қатысты. Финалға 8 команда өтіп, нәтижесінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерінен құралған  MVP командасы бас жүлде иеленді. Студенттерге 3 миллион теңге сыйақы табысталды.

Екі күнге созылған сайыста қатысушылар мектеп бітірушілерге және түлектерге пайдалы мемлекеттік жобалар, гранттар, стипендиялар, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсына алатын бағдарлама әзірледі.

Байқау барысында мектеп бітіруші талапкерлерге арналған мобильді қосымша әзірледік. Қосымша арқылы түлектер кәсіби бағдар алып, бос жұмыс орындарымен танысады. Мобильді қосымшадан ақпарат алу үшін қазақ немесе орыс тілінің бірін таңдайды, – деді MVP командасының мүшесі Темірлан Абжанов.

Айта кету керек, байқауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері – Айдос Елшібек, Нұрбол Нұржанұлы, Темірлан Абжанов, Айбек Әбиден, Ғалымжан Қажымұрат қатысты. Олар – университеттегі «Business Start» жастар кәсіпкерлігі орталығының резиденттері.

Байқауды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның студенттер альянсы ұйымдастырды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...