Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаратылыстану институтының директор орынбасары бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қыркүйек 2024
  • 387

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаратылыстану институтының директор орынбасары бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Институт директорының орынбасары білуі керек Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары: "білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер; білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары; білім беру жүйесі бойынша отандық және шетелдік жетістіктер оқу-тәрбие процесінің мәселелері; оқу жұмысын жетілдіру әдістемесі; Педагогика, Психология; оқу-тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі; тиісті мамандық бойынша негізгі ғылыми мәселелер; кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттар; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу қағидалары; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау қағидалары мен нормалары

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының, академиялық дәрежесінің болуы немесе білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 18.09.2024г.Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29а, бас әкімшілік корпус, 302 кабинет; e-mail: ksu@korkyt.kz 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...