Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде алғаш рет БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 қыркүйек 2024
  • 340

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде алғаш рет БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Өңірлік коммуникациялар қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер оқу орнының бірқатар нысандарымен танысты.

Жаңа оқу жылының басты жаңалығының бірі - Жасанды интеллект және информатика институты. Биыл алғашқы білім алушыларын қабылдап, «Информатика», «Киберқауіпсіздік», «Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу», «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ҒЖБМ 100 білім гранты бөлінді. Келесі оқу жылынан бастап Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен «AI architect», «Data management» білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломды бағдарлама бойынша оқыту басталады.

5408877720487714815.jpg

5408877720487714811.jpg

«Университетте Сеул ұлттық ғылым және технологиялар техникалық университетінің қаржыландыруымен 190 компьютер, 8 сервер, 5 зертхана жабдықталады. Студенттер орыс және қазақ тілдерінен бөлек, ағылшын, корей тілдерінде білім ала алады»,-деді институт директоры Нұрлан Құмырзаев.

Айта кетейік, 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кореяның Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп Жасанды интеллект және информатика институты ашылды.

Оқу орнында ғылым саласы қарқынды дамып келеді. Осы ретте, БАҚ өкілдері оқу орнындағы Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейі, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы, Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы, Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы және соңғы бес жылда демеушілер есебінен ашылған жаңа дәрісханалармен танысты.

5408877720487714816.jpg

5408877720487714817.jpg

5408877720487714813.jpg

Қазір университетте 30 ғылыми жобаның 23 жобасы Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында орындалуда. Бұдан бөлек 6 халықаралық жоба жүруде. Олар Оңтүстік Корея, Португалия, Япония, Ұлыбритания, Бельгия, Түркия елдерімен бірлескен жасанды интеллект, химиялық технология, археология, кәсіпкерлікті дамыту, өнер және мәдениеттану, информатика бағытындағы жобалар. 
Биыл 3 ғалым мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегері атанса, 3 ғалым Ұлттық ғылыми кеңестің құрамына кірді. Бұдан бөлек,  үш жылдан бері жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін қолдау мақсатында жалпы сомасы 10 млн.теңге құрайтын университеттің ішкі гранты бөлініп келеді. Ал биылдан бастап жас ғалымдарды қолдаудың көлемі 20 миллионға көтерілді. Сонымен қатар, өткен жылы «500 ғалым» жобасы 13 оқытушы шетелде тағылымдамадан өтті. Қазіргі таңда 6 оқытушы шетелде ғылыми тағылымдамада.

Одан әрі журналистер ботаникалық баққа экскурсия жасады. Биыл университеттің ботаникалық бағына 200 млн-нан астам қаржы салынды.  Жалпы көлемі 5 гектарды құрайды. 
«Ботаникалық бақта екі блоктан тұратын жылыжай орналасқан. Жылыжайдың жалпы көлемі 800 шарты метрді құрайды. Бүгінде қиярдың 3 буданы мен қауынның 1 буданы сынақтан өтуде. Университет жылыжайында «Биология және Агрономия» БББ-ның білім алушыларына зерттеу жұмыстарын жасап, тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар»,-деді ботаникалық бақтың директоры Самалбек Қосанов.

5408877720487714819.jpg

5408877720487714818.jpg

Айта кетейік, қазіргі таңда ботаникалық бақтағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта саябақ қала тұрғындары мен қонақтарына арналған демалыс орнына айналады.  
Жаңа оқу жылында жалпы контингент он мыңнан асты. Биыл 3205 адам қабылданып, 1315 білім алушы грант иегері атанды. Оқу орнында Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан азаматтары білім алады. 500-ден астам профессорлық-оқытушы құрамы дәріс оқиды. Еліміз бойынша ең жоғары шәкіртақыны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері алады.

Журналистер студенттердің жағдайымен танысу мақсатында «Іңкәр» жатақханасына барды. Жаңа оқу жылында қолданысқа берілген 300 орындық «Іңкәр» жатақханасына қазіргі таңда 180 студент орналасқан. Заманауи үлгіге сай жабдықталған жатақханада қосымша демалыс орны, компьютер бөлмесі мен кір жуатын орын бар. 

«Биыл жатақхана мәселесі толық шешімін тапты. Қазіргі таңда университет балансында 4 студенттер үйі және кәсіпкерлер есебінен жеке 3 жатақхана жұмыс жасап тұр. Биыл 50 орындық коворкинг-орталығы бар асхананың құрылысы аяқталып, іске қосылады», - деді Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай.

Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму мақсаттары бойынша алғаш рет Times Higher Education әлемдік жоғары оқу орындарының рейтингісінде орын тапты. Сонымен қоса алғаш рет UI GreenMetric халықаралық рейтингіне енді.  Университеттің 20 білім беру бағдарламасы республиканың үздік үштігіне кірді.

Баспасөз турының соңында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы университеттің Open space форматындағы заманауи кітапханасында БАҚ өкілдерімен кездесті. Университет басшысы ғылым және білім саласының ақпараттық саясатын іске асыруға үлес қосып, тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген журналистерге алғысын білдірді.

5408877720487714814.jpg

5408877720487714812.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...