Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті М.Шоқай ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкерінің (жұмыста уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 қыркүйек 2024
  • 434

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті М.Шоқай ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкерінің (жұмыста уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Кіші ғылыми қызметкер білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.  Жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттері, осы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша отандық және шетелдік ақпарат, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты жалпылау мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып жүргізудің заманауи әдістері мен құралдары, Ғылым туралы заңнаманың негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек өрт қауіпсіздігі талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. Ғылыми дәрежесі болған, Аспирантураны бітірген және тағылымдамадан өткен жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 23.09.2024ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...