Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа спорттық ойындар алаңы ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 қыркүйек 2024
  • 255

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа спорттық ойындар алаңы ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 9 оқу ғимаратында жаңа спорттық ойындар алаңы ашылды. Салтанатты жиынға Басқарма Төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова қатысып, университеттің спорт және бастапқы әскери дайындық бағытындағы жетістіктерге тоқталды.

02.JPG

03.JPG

0.JPG

“Бүгінде «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы материалдық-техникалық базасы қалыптасып,заман талаптарына сай жабдықталған 3 мультимедиялық қондырғымен, мамандық ерекшелігіне сәйкес дәрісханалар жаңа көрнекілік стендтермен жабдықталған. Сонымен қатарталапқа сай 6 спорт және фитнес залы, 1 жүзу бассейіні, 4 ашық ойын алаңы мен бастапқы әскери дайындық мамандығына арналған саптық алаңмен қамтамасыз етілген. Оқу сабақтарына «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің базасын пайдаланады”,-деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

11.JPG

Қазіргі таңда білім беру бағдарламасында 16 оқытушы-профессор жұмыс жасайды. Оның ішінде: 3 ғылым кандидаты, 2 PhD, 3 магистр, 8 аға оқытушы қызмет атқарады. Жалпы білім беру бағдарламасының контингенті 1346 білім алушыны құрап отыр.

04.JPG

01.JPG

05.JPG

Шара барысында университет чемпиондары алғашқы сапта жүріп өтті. Қазіргі уақытта университетте Әлем чемпионатының 9 жеңімпазы мен жүлдегері, Азия чемпионатының 27 жеңімпазы мен жүлдегері, Қазақстан чемпионатының 120 жеңімпазы мен жүлдегері білім алуда.ХІІ жазғы Универсиаданың қорытындысы бойынша университет спортшылары үздік ондыққа кіріп 37 медаль жеңіп алды. 

Айта кетейік, өткен оқу жылында оқу орнында футбол алаңы қолданысқа берілді.

07.JPG

09.JPG

10.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...