«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім беру грантына конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92
  • 25 шілде 2022
  • 439

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім беру грантына конкурс жариялайды

Құрметті түлектер!
«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.

 «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.

Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы ЖЖОКБҰ-дан алдын ала нақтылауы қажет.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.

Қор ЖЖОКБҰ-на қабылдауға қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат бермейді. Осы сұрақтар бойынша ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.

 Сұрақтар-жауаптар:

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын алуға кім үміткер бола алады?

Білім беру грантын алуға үміткерлер:

- ЖЖОКБҰ-да (оқу орындарының тізбесі Қордың сайтында жарияланған) күндізгі оқу бөлімінде бакалавриат бағдарламалары бойынша конкурстық негізде білім алуға үміткер түлектер.

Бұл ретте Қор ЖЖОКБҰ-ға өтінімдер қабылдауды және конкурс өткізуді жүзеге асыру құқығын қалдырады (Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес).

Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері қандай?

1) ЖЖОКБҰ комиссиясы арқылы өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары мен шәкіртақысын беру үшін Бағдарламаның қатысушылар іріктеу критерийлері:

ҰБТ тапсырған және ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажет өту баллын жинаған түлектер:

-  ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;

- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.

ҚР-ң аумағында тұратын басқа елдің резиденті конкурсқа қатыса ала ма?

- қатыса алмайды.

Мектепті/колледжді ағымдағы жылы емес, бұрын тәмамдаған үміткер конкурсқа қатыса ала ма?

- қатыса алады.

Өтінімді қалай беруге болады?

Мектептер мен балалар үйлерінің түлектері жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтінімді растаушы құжаттармен бірге береді.

Білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысу үшін түлектер ЖОО-рдың қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды тапсырады:

п/н

Документы

1

Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі

2

Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі

3

Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерден шыққанын растайды)

4

ҰБТ сертификатының көшірмесі (ағымдағы жылдың кез келген сертификаты)

5

Төменде көрсетілген санаттардың бірінің (немесе бірнешесінің) құжаттамалық растауы:

-  мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар;

- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;

ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

6

Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі

7

Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама

8

АӘК (АСП)  алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО)

9

Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуды және жеңісті растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болса)

10

Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (болған жағдайда)

Өтінімдер қай мерзімде беріледі?

Түлектерден өтінімдерді (жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары) мына кезең ішінде қабылдайды:

- 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында.

Өтінімдер қанша уақыт ішінде қарастырылады?

Түлектердің өтінімдерін ЖЖОКБҰ жанындағы қабылдау комиссиясы 17 тамыздан бастап 21 тамыз аралығында қарастырады.

Гранттар қандай университеттерге және қандай мамандықтарға беріледі?

«Қазақстан халқына» ҚҚ-ң 2022-2023 оқу жылына білім беру гранты» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын ЖЖОКБҰ (университеттердің) тізбесі «Қазақстан халқына»

ҚБ-ң https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs/17-charity-ru/190 сайтында жарияланған.

Мамандықты түлектің өзі таңдайды, яғни мамандықтар бойынша шектеулер жоқ.

Грант қандай оқу кезеңіне таралады, оқу құны бойынша шектеме бар ма?

Шәкіртақы төленетін грант Бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды.

Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.

Грант алушылардың Қордың алдында қандай да бір міндеттемелері бар ма?

Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.

Грант беру туралы кесімді шешімді кім қабылдайды?

Ағымдағы оқу жылында түлектердің арасынан үміткерлерді іріктеуді білім беру гранттарын жүзеге асыру аясында ЖЖОКБҰ (университтер) жанында әрекет ететін қабылдау комиссиясы немесе кез-келген басқа комиссия жүзеге асырады. Яғни, түпкілікті шешімді ЖЖОКБҰ жанындағы Комиссия қабылдайды. Қорға қабылдау комиссиясының отырысындағы хаттаманың көшірмесі және іріктеуден өткен үміткерлердің тізімі беріледі.

«Қазақстан халқына» қорының грантына үміткер басқа бағдарламаларға қатыса ала ма? Не болмаса мемлекеттік грантқа үміткер бола ала ма?

Грантқа үміткер (түлек) конкурстарға қатыса алады:

- мемлекеттік грант берілетін конкурсқа қатыса алады, себебі «Қазақстан халқына» қорының грантын алуға қатысты өтінім республикалық конкурстық комиссия республикалық бюджеттен білім беру гранттарын беру конкурсын өткізгеннен кейін беріледі, яғни грантқа өтінім 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында (5 күн ішінде) қабылданады;

- конкурстарды өткізу мерзімдері бір-біріне сай болмаған жағдайда басқа бағдарламалар бойынша (жергілікті атқарушы органдардың гранттары және басқалары), конкурстарды өткізу мерзімдері сай болған жағдайда қандай да бір конкурстың пайдасына таңдау жасалады.

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...