Қорқыт ата университетінің студенті Кореяда: Дүйсен Нұрайымның сұқбаты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қараша 2024
  • 398

Қорқыт ата университетінің студенті Кореяда: Дүйсен Нұрайымның сұқбаты

Дүйсен Нұрайымның айтуынша, Каннам университетінде білім алу оған үлкен әсер қалдырған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті ретінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Кореяда білім алу оның ой-өрісін кеңейтіп, жаңа мәдениеттермен танысуға жол ашты. Оның мамандығы “Корей-ағылшын мәдениет мазмұны” болғандықтан, осындай ортада оқу өз саласын терең түсінуге көмектесуде.
Нұрайым өз тобында қытай және жапон студенттерімен бірге білім алуда. Оқу процесінде әрбір елдің студенттері өз мәдениеттерін таныстырады. Бұл көпұлтты ортаның ерекше сипаттарының бірі болып табылады.
Нұрайымның айтуынша, мәдениет алмасу арқылы студенттер бір-бірінің дәстүрлері мен тарихын жақсырақ түсініп, достықты нығайтуда. Өз кезегінде, қазақ мәдениетін таныстыру мақсатында ол шетелдік достарына қазақ тіліндегі сөздерді үйретіп, ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерді көрсететін кішкене сыйлықтар тарту етуді әдетке айналдырған.
Кореядағы білім беру сапасының жоғарылығы да ерекше байқалады. «Университет студенттерге өз қалауына қарай пәндерді таңдау, корей тілін үйрену үшін жергілікті студенттермен танысу, түрлі іс-шараларға қатысу секілді көптеген мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, университет ай сайын концерттер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, студенттердің демалысы мен білім алуына жағдай жасайды»,-деді.

WhatsApp Image 2024-11-06 at 18.19.37.jpeg      WhatsApp Image 2024-11-06 at 18.19.38.jpeg

Кореядағы оқу процесінің ерекшелігі – әрбір сабақтың қызықты әрі ынталандыруға толы болуында. «Мұғалімдер студенттердің жеке пікірін тыңдап, топтық жұмыстарға баса назар аударады. Әр жобада түрлі елдерден келген студенттер бірігіп жұмыс істейтіндіктен, олардың мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары дамып келеді». Нұрайымның пікірінше, бұл болашақ кәсіби мансап үшін маңызды тәжірибе.
Сұқбат барысында университет ресурстарының қолжетімділігін атап өтті. «Кітапхана мен зертханалар тәулік бойы ашық, бұл студенттерге кез келген уақытта білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттік кафелер мен демалыс бөлмелері жоғары деңгейде жабдықталған, бұл студенттердің оқу мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтап, тиімді білім алуына жағдай жасайды», - дейді.
Нұрайым оқу процесінің заманауи технологиялармен тығыз байланыста екенін де жеткізді. «Әр студентке арналған онлайн платформалар арқылы барлық оқу материалдарын, сабақ кестесін, тапсырмаларды және бағаларды бақылау оңай. Профессорлармен онлайн байланысу мүмкіндігі де оқудың сапасын арттыруға үлесін қосады, бұл әсіресе сабақтан тыс сұрақтарды қоюға қолайлы»,-деп өз ойымен бөлісті.
Жалпы, Кореяда алған білім беру тәжірибесі Нұрайымның тұлғалық және кәсіби дамуына оң әсер етіп, оның болашақ мақсаттарын айқындауына көмектесуде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...