Қорқыт ата университетінде «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 қараша 2024
  • 412

Қорқыт ата университетінде «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында кездесу өтті


Қорқыт ата университетінде Қызылорда облыстық соты мен Адам құқықтары жөніндегі Өкілдіктің ұйымдастыруымен, БҰҰ Демократия Қорының (
UNDEF) қолдауымен «Қадір қасиет» қоғамдық бірлестігі өткізген «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында кездесу өтті.

IMGL9341.JPG

IMGL9360.JPG

Іс – шараға құқық саласындағы белгілі мамандар, «Қадір қасиет» ҚБ директоры, з.ғ.к. Анара Нұрлыбайқызы,  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының аға оқытушысы Айбар Нұрхан, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Дәурен Сақтапбергенұлы, Шиелі аудандық сотының төрағасы Нұржан Нұраддинұлы қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атап көрсетілген сот және құқық қорғау жүйесіндегі реформалардың маңыздылығы талқыланды. Кінәсіздік презумпциясы – қылмыстық іс жүргізудегі негізгі принциптерінің бірі ретінде қаралып, оның адам құқықтарын қорғаудағы рөлі жан – жақты сараланды.

IMGL9316.JPG

IMGL9374.JPG

Мамандар, сондай-ақ, заңды үкім шыққанға дейін күдіктілер мен айыптаушыларды айыптаудан аулақ болу, қоғамда құқықтық мәдениетті дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды.
Кездесу соңында, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтіліп, студенттерге құқықтық сананы дамытуға, заңдарды құрметтеуге шақыру сөздері айтылды.



Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...