Анипа Сейдалықызы Тапалова - Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 желтоқсан 2024
  • 443

Анипа Сейдалықызы Тапалова - Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы

Қорқыт ата атындағы  Қызылорда университеті «Биология, география және химия» білім беру бағдарламаларының профессор-зерттеушісі, техника ғылымдарының кандидаты Анипа Тапалова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» -2024 байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

«ЖОО Үздік оқытушысы» атану – жоғары білім ордасы оқытушысының еңбегінің маңызды мемлекеттік деңгейде мойындалуы, сондай-ақ жастарға үлгі етуге болатын биік жетістік.
Анипа Тапалованың ғылыми-зерттеу жұмыстары өңірдің химия-экологиялық проблемаларын зерттеуге және жоғары және орта мектептегі үздіксіз химиялық білім беру проблемаларын шешуге бағытталған. 
1997 жылы Әбікен Бектұров атындағы Химия институтында «Болаттың коррозиясын тежегіш құрамында мырышы бар силикополифосфаттарды алудың технологиялық негіздерін жасау» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

Ғалым 30-дан аса студенттер мен мектеп оқушыларының  ғылыми жобаларына жетекшілік жасап, шәкірттері облыстық, Республикалық, Халықаралық олимпиадалардың  жеңімпазы атанды. Америка, Бразилия, Греция, Россияда өткен мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жобалар байқауында 10 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен марапатталып, Қазақстанның көк байрағын жоғары көтерген. 
Профессор университетімізде 50 жылдай өңірімізге химия пәні мұғалімдерін даярлау, магистратура мен докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау ісінде табысты еңбек етіп келеді. 
Ғалымның 120 аса ғылыми-әдістемелік еңбектері, 10 аса оқулық және оқу-әдістемелік құралдары, 5 патенті, ҚР ҒЖБМ Комитет тізбесіндегі журналдарда 22 мақаласы, шетелдік Web of Science, Scopus және т.б. базаларда 17 мақаласы жарық көрген.

2024-2026 жж. арналған № AP23490056 гранттық қаржыландыру конкурсының «Күріш қауызынан алынатын өсімдік майы май қышқылдарының моно және диглицеридтерін фармакофорлы фрагменттермен модификациялау–ісікке қарсы қосылыстарды жасау» атты жобаның жетекшісі.
Аталған конкурс жоғары оқу орнының оқытушыларына шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік береді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...