Қорқыт ата университеті мен SeoulTech арасындағы ғылыми ынтымақтастық
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 қаңтар 2025
  • 183

Қорқыт ата университеті мен SeoulTech арасындағы ғылыми ынтымақтастық

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық және технология университетінде тәжірибе алмасты. Іссапар - жасанды интеллект саласындағы заманауи технологияларды үйрену, тәжірибе жинақтау және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған. 
“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жоғары білімді интернационалдандыру және жасанды интеллект саласын дамыту белсенді жүзеге асуда. Осы бағытта  Жасанды интеллект институты мен SeoulTech университеті арасында қос дипломдық бағдарлама іске қосылды. Бұл бағдарлама студенттерге алғашқы екі жыл біздің университетте, кейінгі екі жыл СеулТехта білім алуға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаны талапкерлерге ұсыну үшін, кореялық университеттің тыныс-тіршілігімен, студенттердің өмірімен, жалпы корей мәдениетімен танысып қайттық”,-деді Жасанды интеллект институты директорының орынбасары Асхат Елтаев.

WhatsApp Image 2025-01-31 at 16.23.27.jpeg

WhatsApp Image 2025-01-31 at 16.23.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-01-31 at 16.23.26.jpeg

Асхат Талғатұлының айтуынша, SeoulTech-тың ең үлкен артықшылықтарының бірі – заманауи инновациялық технологиялармен жұмыс істейтін талантты ғалымдардың басын қоса білуі. Бұл тәжірибе университет үшін де маңызды үлгі болмақ. Сондай-ақ, сала маманы Корея қоғамына бейімделу үшін корей тілін үйренудің маңызы өте зор екенін атап өтті.
Сеул ұлттық және технология университеті - әлемдік деңгейде танымал жетекші оқу орындарының бірі. Оқу орны жасанды интеллект, мәліметтерді өңдеу, нейрондық желілер мен машиналық оқыту салаларындағы ғылыми зерттеулермен белгілі.  Кореялық ғалымдар университет қызметкерлеріне жасанды интеллекттің ауылшаруашылық саласында қолданылуын талқылады. Тәжірибе барысында делегация мүшелері зерттеулер мен практикалық тәжірибелерді меңгеріп, өңірдегі ғылыми-тәжірибелік жұмыстарда қолдану үшін пайдалы білім алды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...