Астанада «UniMediaX25» семинар-тренингі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 қаңтар 2025
  • 167

Астанада «UniMediaX25» семинар-тренингі өтті

Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «UniMediaX25» атты семинар-тренинг өтті. Баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыруға арналған іс-шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталық маманы Нұрай Зинадуллақызы қатысты.
“Семинар-тренинг баспасөз хатшылары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Қазіргі медиа саласының өзгерістеріне бейімделуге, жаңа мүмкіндіктер мен кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Жас маман ретінде үлкен тәжірибе мен жаңа білім алдым”,-деді Нұрай Зинадуллақызы.
Семинарға қатысушылар білім алушыларға арналған жаңа жатақханамен танысып, студенттік жастар театрының қойылымын тамашалады. Сонымен қатар, Астана қаласындағы жетекші жоғары оқу орындарының жұмысымен танысты. Алдағы уақытта баспасөз хатшыларының кәсіби дамуы мен білімдерін жетілдіру бағытындағы  іс-шаралар жалғасын табатын болады.

WhatsApp Image 2025-01-31 at 18.22.37.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...