Қызылорда қаласы ЖОО студенттерінің арасында «Экологиялық олимпиада» өткізіледі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 наурыз 2025
  • 132

Қызылорда қаласы ЖОО студенттерінің арасында «Экологиялық олимпиада» өткізіледі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда қаласы ЖОО студенттерінің арасында  27-28 наурыз аралығында «Экологиялық олимпиада» өтеді.

Олимпиада ІІ турдан тұрады. 
І тур – 2 кезеңнен тұрады
1 кезең – Экологиядан тест тапсырмалары.
2 кезең  - Эсселер сайысы

ІІ тур  - Экологиялық видеороликтер сайысы

І тур екі кезеңнен тұрады. 27.03.2025ж.
І кезең. Басталуы:14:00
І кезеңде қатысушылар экологиядан тест тапсырады. Тест 25 сұрақтан тұрады. Берілетін уақыт 50 минут. Әр сұраққа «4» баллдан беріліп, максималды балл - 100 баллды құрайды. Барлық қатысушылар келесі кезеңге өткізіледі. 

ІІ кезең. Басталуы: 15:00.
ІІ кезеңде қатысушылар «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбында эссе жазады. Эссенің шарттары сол жерде түсіндіріледі және арнайы дайындалған жауап парақтары таратылады. І және ІІ кезеңнің нәтижелерін сарапшылар тексеріп жариялайды. Эсселер сайысы максималды 100 пайыздық шкаламен бағаланады. Сарапшылардың шешімі бойынша 3 эссеге «Ең үздік эссе» номинациясы  беріледі.

ІІ тур. 28.03.2025ж.
І кезең. Басталуы:12:00
Бұл кезеңде қатысушылар «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбында өздерінің қатысуымен түсірілген видеороликтерін қорғайды. Видеоролик уақытының ұзақтығы – 3 мин.   

Сайыс нәтижелерін сарапшылар экологиялық шараның жабылу салтанатында жариялап, марапаттайды.
Ұйымдастыру комитеті: «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ қауымд. профессоры, т.ғ.к., Г.Ш. Асқарова, қауымд.профессоры, т.ғ.к., Н.Ә. Тоғызбаева, т.-т. магистрі А.Ш. Нұрғабылова.

Қатысушылар келесі тел. номеріне хабарласу сұралады:
+7 777 145 0383
+7 777 334 0248  

Қатысу үшін 20 наурызға дейін ақпараттық хат соңындағы қосымшаны толтырып, көрсетілген электрондық пошталарға жүктеу сұралады: ekchoo@mail.ru және nurila2009@mail.ru  

Олимпиада нәтижелері бойынша қатысушылар  үздік номинациялар, алғыс хаттар, сертификаттар, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Өтетін орны: 5 оқу ғимараты, 100 аудитория

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...