Профессор-оқытушылар құрамына «Қаржылық сауаттылық» курсы жүргізілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 наурыз 2025
  • 198

Профессор-оқытушылар құрамына «Қаржылық сауаттылық» курсы жүргізілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамы 3 ақпан мен 5 наурыз аралығында 72 сағаттық «Қаржылық сауаттылық» курсынан өтті.

Курс соңында “Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру” орталығының басшысы Нұрхан Әбдіқалықов тыңдаушыларға сертификаттар табыстады.

WhatsApp Image 2025-03-06 at 11.35.57.jpeg     WhatsApp Image 2025-03-06 at 11.34.40.jpeg

Айта кетейік, өткен жылы 19 жоғары оқу орнының базасында профессор-оқытушылар құрамының 19 жаттықтырушысы 155 оқытушы үшін қаржылық сауаттылық бойынша оқыту семинарларынан өтті. Сонымен қатар, 1 жаттықтырушы мен 2 профессор-оқытушы қаржылық сауаттылық бойынша білімін жетілдірді. Қазіргі таңда «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Макенова, аға оқытушылар Мұрат Смайылов пен Нұргүл Қусаева аталған пән бойынша дәріс береді.

WhatsApp Image 2025-03-06 at 11.33.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-06 at 11.33.54.jpeg

Мемлекет Басшысының Жолдауында қаржылық сауаттылық пәнін оқытуды ұсынған болатын. Осы міндетті іске асыру мақсатында 2024-2025 оқу жылынан бастап «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні 11 білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушыларына оқытылуда.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...