Қауіпсіз қоғам үшін бірлескен зерттеулер жасалады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 наурыз 2025
  • 173

Қауіпсіз қоғам үшін бірлескен зерттеулер жасалады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда облысының прокуратурасы өкілдері өзара ынтымақтастық әріптестік меморандум аясында кездесті.

Жиынға Академиялық мәселелер бойынша проректор  Дана Абдрашева мен облыс прокурорының орынбасары Мәди Сарпеков және университет оқытушылары қатысты.

Кездесу барысында қоғамдағы қауіпті қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша біріккен ғылыми жоба тақырыптарын қарастыру жөнінде және балалар суициді мәселелері бойынша ғылыми жұмыстарды жүргізу барысы талқыланды.

WhatsApp Image 2025-03-06 at 12.51.43.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-06 at 12.51.44.jpeg

«Жиынның негізгі мақсаты — қоғамдағы қауіпті қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу. Екіжақты келіссөздер барысында оқытушылар мен студенттер құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, қоғамдағы теріс құбылыстарды зерттеу мен олардың алдын алу жөнінде маңызды ақпараттарды игерді», -  деді «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі Ерлан Алтаев.

Алдағы уақытта, тараптар арасындағы ынтымақтастық нығайып, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмысқа негізделген шешімдерді іздеу бағытында нақты қадамдар жасалатын болмақ.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...