Ана - әлемнің ажары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 наурыз 2025
  • 113

Ана - әлемнің ажары

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Ана - әлемнің ажары» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік кешке Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы қатысып, нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, оқу орнының дамуына үлес қосып, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген ғалым әйелдерінің еңбегіне тоқталды.

IMGL2829.JPG

IMGL3802.JPG

IMGL3891.JPG

“Бүгінде 1024 қызметкердің 694-і әйелдер, оның ішінде 337 профессор-оқытушы, 3 ғылым докторы, 117 ғылым кандидаты, 33 PhD, 167 магистр бар. Ғылыми жобаларда 67 әйел-ғалым жұмыс істейді, оның 31-і 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Соңғы үш жылда 500 ғалым жобасы аясында 15 ғалым әйел әлемнің жетекші оқу орындарында тағылымдамадан өтсе, 8 жас ғалымның ғылыми-зерттеу жұмысы «Ректор гранты» бойынша қолдау тапты. Сондай-ақ, әйел ғалымдар арасында халықаралық ғылыми базаларда көп мақала жариялағандар қатарында Анипа Тапалова, Алмакүл Әбдімомынова, және Гүлмира Абызбекова бар”,-деді университет басшысы.

IMGL3690.JPG

IMGL3111.JPG

Салтанатты шарада «Күміс университет» жобасы аясында университетте ұзақ жылдар бойы кәсіби маман даярлауда еңбек етіп жүрген ардагер-ұстаздарға құрмет көрсетілді. Іс-шарада өңірдің дамуы мен гүлденуіне, университеттің стратегиялық дамуына үлес қосып жүрген әріптестер марапат төрінен орын алды.

Мерекелік кеш Инженерлі-технологиялық институтының концертімен қорытындыланып, әйелдер қауымына ықылас гүлдері ұсынылды.

IMGL3102.JPG

IMGL3886.JPG

IMGL3871.JPG

IMGL4082.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...