Ардақты ғалымға арналған дәрісхана ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 сәуір 2025
  • 137

Ардақты ғалымға арналған дәрісхана ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Әлемді ғылым құтқарады» атты ғылым айлығына орай, философия ғылымдарының кандидаты Оңғар Бермаханов атындағы дәрісхана ашылды.

Дәрісхананың лентасын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Қызылорда университетінің құрметті  профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Оңғар Бермаханов, университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы техника ғылымдарының кандидаты, профессор  Бақыт Қалиев қиды.

IMGL5529.jpg

IMGL5496.jpg

IMGL5504.jpg

Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, ғылыми кеңес мүшелері, оқытушы-профессорлар құрамы, ардагер ұстаздың әріптестері мен шәкірттері және отбасы мүшелері қатысты.

Шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

IMGL5567.jpg

IMGL5620.jpg

Профессор 1984-1998 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда  педагогикалық институтының аға оқытушысы, 2003-2012 жылдары Қызылорда гуманитарлық университетінің аға оқытушысы және 2012-2021жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Сонымен қатар, университеттің Ғылыми Кеңесінің мүшесі.  

IMGL5682.jpg

IMGL5746.jpg

Ғалымның 30-дан астам ғылыми мақалалары республикалық және шет елдік беделді басылымдарда жарық көрді. Сондай-ақ, «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары» тақырыбында монографиясы бар.

Жиында университет басшылығы 22-дәрісхананың ашылуына демеушілік жасаған ғалымның жақыны Нұржан Оңалбаевқа «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» төсбелгісін табыстады.

IMGL5628.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...