Білікті профессор 75 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 сәуір 2025
  • 146

Білікті профессор 75 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Оңғар Бермаханов мерейлі 75 жасқа толды. Осы айтулы мереке қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Ғылыми Кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті.

IMGL5810.jpg

IMGL5846.jpg

Жиынға Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бақтиярұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, география ғылымдарының кандидаты, доцент Қали Омаров, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Бауыржан Елеусінов және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Сәкен Серікбаев, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, университеттің профессор-оқытушылары, ұйым басшылары, ғалымның достары мен жақындары, және білім алушылар қатысты.

IMGL5885.jpg

IMGL5907.jpg

IMGL5950.jpg

IMGL6035.jpg

Шарада Оңғар Бермаханов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағымен және университет басшылығының құттықтау адресаты, Республикалық Кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының шешімімен Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және білікті мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталып, облыстық мекеме басшыларының құттықтау хаттары табысталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...