Профессордың еңбектері дәріптелді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 сәуір 2025
  • 267

Профессордың еңбектері дәріптелді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор Төрехан Қарлыхановтың 75 жылдығына арналған «Су шаруашылығы проблемалары және оларды шешудегі ғылымның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты – академиктің ғылым мен білім беру саласындағы еңбегін құрметтеу және өскелең ұрпаққа ұлықтау. Сонымен қатар, су шаруашылығы өзекті мәселелерді талқылау және оны шешудегі ғалымның рөлін айқындау.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылым департамент директоры Наргүл Сақтағанова профессордың білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті. 

WhatsApp Image 2025-04-29 at 12.13.42.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-29 at 12.13.43.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-29 at 12.13.43 (2).jpeg

Конференцияға облыстық мәслихат депутаты, техника ғылымдарының докторы Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас редакторы, география ғылымдарының кандидаты Қали Омаров, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының профессоры Серікбай Өмірзақов, Арал-Сырдария бассейндік инспекцияның басшысы Зейнулла Қазтоғанов, Ы.Жақаев атындағы Күріш ғылыми зерттеу институтының Басқарма төрағасының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Жанұзақ Байманов, Ы.Жақаев атындағы Күріш ғылыми зерттеу институтының «Тұқым шаруашылығы» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының Академигі Құрманбек Бәкірұлы, Ы.Жақаев атындағы Күріш ғылыми зерттеу институтының Басқарма төрағасы Сұлтанбек Тауіпбаев, ардагер Шахизат Төребаев, Ардагер-гидротехник Дәулетияр Баялимов, Серікбай Сағымбаев, Бисенбай Жиенбаев, оқытушылар мен студенттер және ғалымның жақын туысқандары қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-29 at 12.13.43 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-29 at 12.13.44.jpeg

Төрехан Қарлыханұлының 300-ден астам ғылыми еңбегі, 4 авторлық куәлігі, бірнеше оқу құралдары мен кітаптары жарық көрген. 
2001 жылы ауыл шаруашылығы саласының Қызылорда облысы бойынша «Жыл адамы», «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Дөңгелек үстел барысында профессордың су шаруашылығы саласындағы еңбектері кеңінен насихатталып, ғылымның маңыздылығы талқыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...