Гүлмира Жұмабекқызы мерейлі 60 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 мамыр 2025
  • 567

Гүлмира Жұмабекқызы мерейлі 60 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлмира Рысмаханованың 60  жас мерейтойына арналған салтанатты мәжіліс өтті.
Салтанатты жиынға Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмұт Томанов, «Экономика және құқық» институтының директоры Гүлшат Дүзелбаева, «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, мерейтой иесінің жақындары қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-14 at 16.14.33.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 16.14.32.jpeg

Гүлмира Жұмабекқызы – «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты. Ғалым 1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қажырлы еңбек етіп келеді. Осы уақытқа дейін аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, Ректордың оқу ісі жөніндегі кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған.
Айта кетсек, ғалымның халықаралық және республикалық деңгейде 50-ден аса ғылыми мақаласы жарық көрген.

WhatsApp Image 2025-05-14 at 16.14.31.jpeg      WhatsApp Image 2025-05-14 at 16.14.32 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 16.14.33 (1).jpeg

Іс-шарада ғалымның ғылым мен білім саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, еңбегі мен шығармашылығы дәріптелді. Басқосудың соңы шәкірттерінің әсем әнімен қорытындыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...