Қырымбек Елеуұлымен тағылымды кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 мамыр 2025
  • 326

Қырымбек Елеуұлымен тағылымды кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының академигі, саяси ғылымдар докторы, профессор Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың университет ардагерлері, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылармен кездесуі өтті.
Салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, университеттің Құрметті ректоры Қылышбай Бисенов, сондай-ақ университеттің басқарма мүшелері, Ғылыми Кеңес құрамы, ардагер ұстаздар, докторанттар, магистранттар, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 20.19.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 20.19.32.jpegWhatsApp Image 2025-05-19 at 20.19.32 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 20.19.33.jpeg

Қырымбек Елеуұлы – В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының және Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясының түлегі. Ол – жиырмадан астам ғылыми еңбектердің, монографиялар мен құнды кітаптардың авторы. Мемлекеттік басқару саласындағы сүбелі еңбегі үшін І және ІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен, сондай-ақ Ресей Федерациясының І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған. Сонымен қатар, Бірінші класты Төтенше және Өкілетті Елші атағына ие.
Кездесу барысында университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова Қырымбек Елеуұлына Құрметті профессор дипломын табыстап:
«Халқымыздың тұлғалы азаматына лайықты құрмет көрсету – біздің бұлжымас дәстүріміз. Ел дамуына сіңірген қажырлы еңбегі үшін Қырымбек Елеуұлына алғыс білдіре отырып, Ғылыми кеңес шешімімен “Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құрметті профессоры” атағын табыстауға рұқсат етіңіз», – деді.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 20.19.30.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 20.19.30 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 20.19.31 (3).jpeg

Кездесу еркін форматта өтіп, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ел ағасына көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Әсіресе, жас буын ел басқарудағы тәжірибе, көшбасшылық қасиет, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және болашақтағы стратегиялық бағыттар жайлы мол мағлұмат алды.
Шара соңында университет ұжымы мерейлі жасқа толған Қырымбек Елеуұлын құттықтап, ел игілігі жолындағы табанды қызметіне алғыс айтып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасына амандық тіледі.


 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...