Ғылым мен сөз өнерінің зергері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 мамыр 2025
  • 176

Ғылым мен сөз өнерінің зергері

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы ұлт руханиятының өркендеуіне зор үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар, салалық марапаттар мен атаулы сыйлықтар табыстады.
Салтанатты шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас редакторы, публицист, этнограф, жазушы Қали Омаров облыс әкімінің мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған «Тұран» сыйлығымен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-05-22 at 12.43.13.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-22 at 12.18.46.jpeg

Қаламгердің 9 кітабы (Тектілер тағылымы, Таным мен пайым, Қызылорда облысындағы эпиграфикалық мұралар, т.б.) жарық көріп, 550–ден астам ғылыми, танымдық, публицистикалық мақалалары, очерктері мен эсселері республикалық газеттер мен журналдарда, бірнеше ғылыми жинақтар мен энциклопедияларда жарияланған.  Сонымен қатар, ол 83 кітап пен ғылыми жинақтың редакторы, 17 кітап пен ғылыми–танымдық басылымның құрастырушысы. Оның ішінде СЫР ЕЛІ энциклопедиясы да бар.

WhatsApp Image 2025-05-22 at 12.18.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-22 at 12.18.51.jpeg

Қали Әбдіұлы қоғам алдындағы еңбегі үшін мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Ахмет Байтұрсынұлы», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.
Еліміздің руханиятына үлес қосып келе жатқан қаламгер, ғалым әлі де жаңа биіктерді бағындыра береді деп ойлаймыз.
Марапатыңыз құтты болсын!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...