Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша республикалық бюджеті негізіндегі ҚР ҒЖБМ конкурсы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 мамыр 2025
  • 151

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша республикалық бюджеті негізіндегі ҚР ҒЖБМ конкурсы

«2025 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы орындардың санын бекіту туралы» Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №133 бұйрығына сәйкес «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранты) бойынша оқитын бакалавриат студенттері үшін бір семестр бойы республикалық бюджеті негізінде Еуропа және Оңтүстік Азия университеттерінде оқуға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды. Конкурсқа 1-2-3 курс студенттері қатыса алады.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысуға көрсетілген құжаттарды ұсыну Қорқыт Ата университеті мен шетелдік әріптес ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін бакалавриат студенттері келесідей құжаттарды тапсыру қажет:
1. Университеттің құжаттармен қамтамасыз ету бөліміне:
1) Университет басшысының атына жазылған студенттің өтініші;
2) ҚР азаматы паспортының көшірмесі;
3) Білім туралы құжат: Ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (Университеттің мөрімен куәландырылған);
4) Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін өткізу керек):
-Халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шетел тілін білу туралы  сертификат (IELTS, TOEFL), болған жағдайда, немесе Қорқыт Ата атындағы ҚУ жанындағы аймақтық TOEFL ITP/ТОЙФЛ  АЙТИПИ орталығының анықтамасы;
5) Шетел ЖОО-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат немесе бір академиялық кезеңге оқуға шақыру туралы ЖОО-ның хаты;
6) № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтамасы (шетелге шығушылар үшін);
7) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
8) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (болған жағдайда);
9) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
10) студенттің мүгедектігі туралы аныңтама (болған жағдайда).

Үміткерлерді іріктеу ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиясында қарастырылады.  

Конкурсқа қатысу жөнінде сұрақтар бойынша кеңес Университеттің халықаралық байланыстар бөлімінде беріледі.Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-А, бас оқу ғимараты, 2 қабат, №224 бөлмелер, тел. 26-29-57. 

Жұмыс кестесі:
Университеттің құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-А, бас оқу ғимараты, 3 қабат, №302 кабинет, тел. 26-27-14.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 27 маусымға дейін жүргізіледі.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
Халықаралық байланыстар бөлімі

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...