Талшын Қыдырбаева – қазақ күресіндегі күміс жүлдегер
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 маусым 2025
  • 297

Талшын Қыдырбаева – қазақ күресіндегі күміс жүлдегер

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Талшын Қыдырбаева XIII Жазғы Универсиада ойындарында қазақ күресінен күміс медаль жеңіп алып, университетіміздің мерейін үстем етті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ауқымды спорттық додаға биыл еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысуда. Бұл бәсекеде Талшын өзінің жоғары спорттық шеберлігі мен табандылығының арқасында қазақ күресінің нәзік те күрделі әдістерін шебер қолдана білді.
Универсиада – тек жарыс қана емес, сонымен қатар жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және білім алушы жастардың өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды алаң.

WhatsApp Image 2025-06-13 at 16.05.30.jpeg

Университет ұжымының атынан Талшынды жеңісімен құттықтаймыз!


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...