Инженерлік-технологиялық институтының түлектеріне диплом табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 шілде 2025
  • 33

Инженерлік-технологиялық институтының түлектеріне диплом табысталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Инженерлік-технологиялық  институтының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. 
Биыл институтты 428 түлек бітірсе, оның 23-і магистрант.  
Салтанатты шараға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова қатысып, түлектерге жүрекжарды лебізін білдірді.

IMGL4646.jpg

IMGL4812.jpg

IMGL4829.jpg

Жиында «Сіздердің алдарыңызда тұрған ең басты міндет – университет қабырғасынан алған білімдеріңізді тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби тұлға болу. Оқу – алғашқы дипломмен аяқталмайды. Ол – өмір бойы жалғасатын үрдіс. Ең басты өмірлік тәжірибе – оқу орнын аяқтағаннан кейін басталады. ХХ ғасырдың басында Алаштың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін!» – деп келешек ұрпаққа зор үміт пен сенім артты. Біз де білімі мен парасаты мол, ұлтжандылығы жоғары, жауапкершілікті сезінетін Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік үлес қосатыныңызға сенімдіміз», – деді ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

IMGL5245.jpg

IMGL5413.jpg

IMGL5556.jpg

IMGL5712.jpg

IMGL7083.jpg

IMGL6983.jpg

IMGL6989.jpg

Сонымен қатар, диплом табыстау рәсіміне Академиялық жұмыстар бойынша проректор Дана Абдрашева, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева, 
Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмут Томанов, Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары  Сабит Ибадулла, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, "Мағжан и К" ЖШС директоры Дархан Ералиев, «СК және Монтаж-Строй» ЖШС директоры Мухит Туребаев, Ұлттық сараптама орталығының филиал директоры, биология ғылымдарының кандидаты Фарида Қалиева,«Аграрлық технологиялар» БББ жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Ысқақ Ермағанбет, «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Гүлнар Сыдыкова, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» БББ жетекшісі,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бауыржан Отарбаев, «Инжинирингтік технологиялар» БББ жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Нұржан Сүлейменов, «Компьютерлік ғылымдар» БББ жетекшісі, қауымдастырылған профессор Нұрбек Қоңырбаев қатысып, ізгі тілектерін білдірді.   

IMGL5750.jpg

IMGL5768.jpg

IMGL5803.jpg

IMGL6684-1.jpg

IMGL6730.jpg

IMGL6350.jpg

IMGL7374.jpg

IMGL7690.jpg

IMGL7708.jpg

Шара барысында ата-аналар мен түлектер университет ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді.
Түлектерге жаңа белестер мен шығармашылық табыс тілейміз!



Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...