«Garden Party» II Түлектер форумы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 шілде 2025
  • 34

«Garden Party» II Түлектер форумы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Эндаумент қоры мен Түлектер Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Garden Party» ІІ Түлектер форумы өтті.
Шараның басты мақсаты - университет, түлектер және жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту, бірлескен жаңа жобаларды талқылап, жүзеге асыруға бастама жасау. Сонымен қатар, форум аясында университеттің стратегиялық даму жоспарына түлектер мен жұмыс берушілердің ұсыныс-пікірлерін енгізу мәселелері талқыланды.
Форум модераторы — Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай болды. Алғашқы құттықтауда университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова сөз сөйлеп, форум қатысушыларына сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. 

IMGL2593.jpg

IMGL2453.jpg

IMGL2521.jpg

IMGL2528.jpg

Аталған форумға университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан Әбіл, Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің департамент директоры Ернар Тоқтыбаев және әр жылдардағы университет түлектері -  облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, түрлі деңгейдегі мекеме басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері, ғылым, білім, БАҚ саласының мамандары қатысты.
Форум аясында бірқатар түлектер университеттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін арнайы марапаттарға ие болды.
«Үздік түлек» төсбелгісімен Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы Ақмарал Темирова, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, «Respublica» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Дәурен Сейтжанов марапатталды.

IMGL2639.jpg

IMGL2687.jpg

IMGL2723.jpg

IMGL2785.jpg

IMGL2793.jpg

IMGL2826.jpg

Ал «Қорқыт ата атындағы Алтын медальмен» университеттің жұмыс берушілері «Сыр медиа» ЖШС директоры Марат Аралбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қызылорда облысы филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты Аида Әбибуллаева, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма басшысы Батыржан Қаракөзов, сондай-ақ оқу ордамыздың  дамуына қосқан үлесі үшін Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректоры Махмут Томанов марапатталды.
Шара барысында Түлектер қауымдастығының жаңа төрағасы 2001 жылғы университет түлегі, ағылшын тілі және аударма ісі мамандығының үздігі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Жанна Аманова сайланды.

IMGL2940.jpg

IMGL2959.jpg

IMGL2869.jpg

IMGL2886.jpg

IMGL2953.jpg

IMGL2919.jpg

IMGL2927.jpg

Сонымен қатар, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Анипа Тапалованың атаулы стипендиясын тағайындау бойынша конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Олардың академиялық жетістіктері мен белсенділігін ескере отырып, 3 студентке 30 000 теңге көлеміндегі стипендияны оқу жылы бойы тағайындау туралы шешім қабылданды. Аталған стипендияның иегерлері: Ұлбала Әріпжанова, Шахназ Уалиханова және Жандос Әбдіхамит. 
Стипендия иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Форум қорытындысында арнайы фуршет ұйымдастырылып, онда түлектер, жұмыс берушілер және университет қызметкерлері алдағы бірлескен жұмыс бағыттарын талқылады.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...