ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі университеттің қабылдау науқанымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 шілде 2025
  • 55

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі университеттің қабылдау науқанымен танысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жұмыс сапары аясында университетімізге келіп, «Серпін» бағдарламасы бойынша қабылдау жүргізіп жатқан жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, қабылдау комиссиясының жұмыс барысын аралады. Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова қабылдау комиссиясының қызметімен таныстырды.

IMGL4340.jpg

IMGL4409.jpg

Университетте талапкерлерді қабылдау бойынша оңтайлы жағдай үйлестірілген. Құжат тапсырушылардың кезек санын реттейтін электронды жүйе жұмыс істеп тұр. Бұл үздіксіз қарбаласты болдырмауға, талапкерлердің уақытын үнемдеуге және қызмет сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешім.

Сонымен қатар, қызмет көрсету жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылып, арнайы мамандар кеңес беріп, техникалық қолдау қызметтерін үздіксіз көрсетуде. Қызметкерлер жұмыс кестесіне сәйкес, өтініш білдірген барлық талапкерлерді қамтып, құжаттарын уақтылы қабылдауда.

IMGL4456.jpg

IMGL4531.jpg

IMGL4286.jpg

Сондай-ақ, Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен (SeoulTech) бірлескен «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университет» (LUPIC) жобасының жетекшісі, профессор Джесу Киммен кездесіп, Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...