Университет студенттері Түркияда тілдік лагерьге қатысуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 тамыз 2025
  • 78

Университет студенттері Түркияда тілдік лагерьге қатысуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ағылшын-түрік тілі мамандығының студенттері Алматы қаласындағы Түркия Республикасы Бас консулдығының білім атташелігінің қолдауымен Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан Ибн Халдун университетінде екі апталық түрік тілі лагеріне қатысуда. 
Бағдарламаның басты мақсаты – студенттердің түрік тілін меңгеру деңгейін арттыру, мәдени көкжиегін кеңейту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ, жастарға шетелдік білім беру ортасын сезініп, кәсіби дамуына серпін беру көзделген.

WhatsApp Image 2025-08-11 at 11.18.48.jpeg

WhatsApp Image 2025-08-11 at 11.18.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-08-11 at 11.18.46.jpeg

Лагерь барысында қатысушылар күнделікті тіл сабақтарымен қатар, тарихи және мәдени орындарға экскурсия жасап, түрлі танымдық іс-шараларға қатысуда. Олар түрік халқының тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары туралы ақпарат алып, елдің мәдени ортасын жақыннан тани алады.
Бұл тәжірибе студенттердің тілдік қабілетін жетілдірумен қатар, олардың бойында мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастырып, болашақ маман ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2025-08-11 at 11.18.47 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-08-11 at 11.18.47.jpeg     WhatsApp Image 2025-08-11 at 11.18.47 (1).jpeg


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...