Қытайлық компания өкілдерімен кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2025
  • 797

Қытайлық компания өкілдерімен кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Қытайдың бірқатар жоғары технологиялық компанияларының өкілдері іссапармен келді. Қонақтарды Басқарма төрағасы–Ректор Бейбіткүл Каримова қабылдады.

Кездесуге «Шанхай Исин Ақпараттық-технологиялық компаниясының» бас директоры Ма Ипо (马毅波), «Shenzhen Kebite Aviation Technology Co., Ltd» халықаралық сату бөлімінің бас директоры Уан Чэнкэ (王升科), халықаралық бизнес департаментінің директоры Ха Тэ (哈特), сондай-ақ «Zhippeiku (Гуандун) Ақпараттық технологиялар» ЖШС шетелдік істер департаментінің бас директоры Чжоу Хоумин қатысты.

Қытайлық компаниялар заманауи дрондар мен робототехника саласында жұмыс істейді. Делегация мүшелері Қазақстанда осы бағыттағы ғылыми-практикалық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін атап өтіп, дрондарды құрастыру, жинақтау және жаңа технологиялық шешімдерді дамыту бойынша университетпен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

China03.JPG

China05.JPG

China02.JPG

China04.JPG

China06.JPG

Кездесу барысында тараптар университет пен компаниялар арасында ынтымақтастық орнату, бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық серіктестікті кеңейту арқылы білім, ғылым және инновация саласында жаңа бастамаларға жол ашуды жалғастыруда.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...