Грузияда оқу үшін білім алушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қазан 2025
  • 116

Грузияда оқу үшін білім алушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы университетінің халықаралық байланыстар бөлімі 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне 2026 жылғы 2 наурыздан 2026 жылғы 4 шілдеге дейін серіктес университетте, Халықаралық Қара теңіз университетінде, Грузия, Тбилиси қаласында (IBSU) ағылшын тілінде оқуға арналған академиялық ұтқырлық конкурсына келесі білім беру бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды:

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН БАКАЛАВР БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Іскерлік әкімшілік – Есеп және аудит
Іскерлік басқару – Қаржы
Іскерлік әкімшілік – Менеджмент
Іскерлік әкімшілік – Маркетинг
Іскерлік әкімшілік – Туризм
Есептеу техникасы
Халықаралық қатынастар
Американдық зерттеулер
Ағылшын филологиясы
Архитектура

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бизнес әкімшілігі
Есептеу техникасы
Американдық зерттеулер
Педагогикалық ғылымдары

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН Докторантура БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 
Бизнес әкімшілігі
Американдық зерттеулер
Педагогикалық ғылымдар

Бағдарламаға бітіруші курстарынан басқа білім алушылар қатыса алады. Екі жақтың келісім-шарты негізінде оқу тегін, ал бару-қайту жолақысы, медициналық сақтандыру полисі және жатақханада тұру ақысы студенттердің өз қаражаты есебінен болады.

Өтініш беруші келесі құжаттарды тапсыруы қажет: 
1) Білім алушының толық деректерімен университет басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институт, мамандық, топ, төлқұжат деректері, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта); 
2) Үлгерімі туралы транскрипт (Платонус арқылы электронды түрде) (GPA 3.0 балдан төмен болмау керек); 
3) Шетел тілін (ағылшын тілі) меңгеру деңгейін растайтын құжат: бар болған жағдайда шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат (IELTS/TOEFL) немесе Қоркыт Ата университетінде тапсырған институционалды тест нәтижесі. 
4) IELTS/TOEFL сертификаттары болмаған өтініш берушілер ағылшын тілі бойынша институционалды тестті 20 қазан сәуір күні сағат 16:00-де бас оқу ғимаратының мәжіліс залында тапсырады.

Құжаттар халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 224-ші бөлме, телефон: 26-29-57

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың  халықаралық байланыстар бөлімі.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...