Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қазан 2025
  • 70

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастар арасында тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті. 
Кездесуге Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Нұрбол Алдабергенов қатысып, студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы мен құқық бұзушылықтың салдары туралы кеңінен түсіндірді.

WhatsApp Image 2025-10-16 at 09.20.10.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-16 at 09.20.11 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-16 at 09.20.12.jpeg

Іс-шара барысында жастар арасында жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тұрғыда пайдалы ақпарат алды.
Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге және тәртіпті сақтауға баулу болды.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...