Университет ғалымдары экологиялық мониторинг жүргізу бойынша ғылыми жоба орындайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қазан 2025
  • 125

Университет ғалымдары экологиялық мониторинг жүргізу бойынша ғылыми жоба орындайды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдары «Жаңақорған ауданы Хорасан-1 кенішінің жұмыс ауданындағы биоалуантүрлілікті зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүзеге асырады.

Аталған жоба «Turanium» ЖШС тапсырысы бойынша  экологиялық мониторинг жүргізу бойынша уран кен  орындарында, өндірістік нысандарда және оларға іргелес аумақтардағы биоалуантүрлілікті бағалау» атты ғылыми жоба аясында орындалады.

Безымянный11.png

Безымянный12.png

Безымянный13.png

Ғылыми зерттеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрлық экожүйесін қорғау және қалпына келтіруге бағытталған тұрақты дамудың 15-ші мақсатын жүзеге асыруға бағытталған.  

Зерттеу жобасын университеттің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Рахат Құрманбаевтың жетекшілігімен «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының  профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады.

Зерттеу барысында уран өндіріс орындары мен оларға жақын аумақтардағы биоалуантүрліліктің жағдайы мен экожүйелердің тұрақтылығы бағаланады. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша ғылыми ұсынымдар әзірленіп, ғылыми мақалалар жарияланды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті экологиялық бағыттағы аталған жобалар арқылы өңірдің тұрақты дамуына және ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосады деген сенім мол.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...