Жаңа Қазақстанды құру жолындағы нақты қадам
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 қыркүйек 2022
  • 1842

Жаңа Қазақстанды құру жолындағы нақты қадам

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халқына арнаған дәстүрлі жолдауында Қазақстан дамуының жаңа міндеттер анықтап, елдің негізгі бағыт-бағдарын айқындап, жаңа Қазақстанды құру жолында нақты қадамдарды атады.
Президент өз сөзінде: «Еліміздің басты құндылығы – адам», – деп, адам игілігіне қатысты жаңа саяси жаңғыру идеясын көтерді. Бұл жолғы Жолдауда бұрын айтылмаған өзекті, өткір мәселелер көкейге қонымды болды. Бір ғана мысал, Президент алға қойған міндет – білімді жастарды тәрбиелеу.
Қ.Тоқаев білім беру қызметтерінің сапасын арттыра отырып, жоғары білім беруді реформалауды жалғастыруға шақырды. Жоғары білім беру жүйесінде күттірмейтін, шұғыл шешімдерді талап ететін мәселелер орын алуда: оқуға жеңілдікпен кредит беру, жатақханалар салу, жоғары оқу орындарында толыққанды эндаумент-қорлар құру. Президент жоғары білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді реттеудің нақты тәсілдерін ұсынды.
Жоғары оқу орындарының міндеті – ел экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды сапалы даярлау. Осыған байланысты Президенттің тезисі өте маңызды: «ұлттың күші – адамдар, олардың денсаулығы мен терең біліміне байланысты.
Алда атқарылатын жұмыстар әлі де ауқымды, әрі маңызды. Сондықтан біз Президент жолдауына іргелі байыптама жасап, қоғамға жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде үлкен жауапкершілікпен орындауға ұмтылуымыз қажет. Қазақстанның қоғамдағы белсенді азаматы ретінде, Мемлекет басшысының идеяларын толық қолдаймыз.

Болат Апенов
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты

 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...