Ректор Әлем чемпионы Снежанна Бойконы қабылдады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қазан 2025
  • 78

Ректор Әлем чемпионы Снежанна Бойконы қабылдады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова пара пауэрлифтингтен әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген студент Снежанна Бойконы қабылдады.
Снежанна Бойко жуырда Египетте өткен Әлем чемпионатында 74 келілік зілтемірді көтеріп, Азия және әлем рекордын жаңартты. Сондай-ақ «Тотал» бағдарламасы бойынша үздіктер көшін бастап, 2 дүркін әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, спортшы бұл жолы өзіне тиесілі рекордты 3 келіге арттырып, жаңа нәтижеге қол жеткізді. 

WhatsApp Image 2025-10-17 at 10.52.29.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-17 at 10.52.29 (1).jpeg

Кездесу барысында ректор Бейбіткүл Каримова Снежаннаны жарқын жеңісімен құттықтап, оның табандылығы мен жігері жастарға үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ университет атынан алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына сәттілік тіледі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...