Университет ғалымдары «ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНАЛЫҚ КЕЗЕҢІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қазан 2025
  • 63

Университет ғалымдары «ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНАЛЫҚ КЕЗЕҢІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Жиында Ақмешіттің астана болған кезеңі, «Қазақ» атауының қайтарылуы, шаһар атының «Қызылорда» болып өзгеруі секілді маңызды тарихи шешімдер қабылдаудағы ұлт зиялыларының еңбегі турасында тың деректер айтылды.    

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев облыстық мемлекеттік архивте сақталған ұлт зиялыларының қолтаңбасы қалған құжаттар жөнінде кеңінен баяндап өтті.  

WhatsApp Image 2025-10-17 at 17.38.51.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-17 at 17.38.52.jpeg

Ғасыр бедерінде Сыр өңірінің кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін деректі фильмдер түсіріліп, көрерменге ұсынылды. Айтулы мереке қарсаңында Қызылорданың кейінгі 100 жылдық тарихына арналған кітап жарық көрді. 

«ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНАЛЫҚ КЕЗЕҢІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағын әзірлеуге аймақтың басты білім ордасының ғалымдары сүбелі үлес қосты. Университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова мен Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева редакциялық алқа және ұйымдастыру комитеті құрамына енді. 

WhatsApp Image 2025-10-17 at 17.39.39.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-17 at 17.38.51 (1).jpeg

Ұлт зиялыларының тұлғалық ұстанымы, халық ағарту институттарының жаңғыруы жинақталған құнды туындының жарыққа шығуы  - өткенге тағзым ететін ұлттың өзін-өзі тану үдерісінің бір көрінісі іспетті. 


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...