Қорқыт ата университеті түркі елдерімен әріптестікті нығайтуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 қазан 2025
  • 171

Қорқыт ата университеті түркі елдерімен әріптестікті нығайтуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Түркі университеттері одағының VIII жалпы Ассамблеясына қатысты.
Жиын барысында одақтың жыл бойғы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен жоспарлар талқыланды. Ассамблея аясында Түркі университеттері одағы Аланья Аладдин Кейкубат университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

WhatsApp Image 2025-10-20 at 15.54.05.jpeg     WhatsApp Image 2025-10-20 at 15.54.04.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-20 at 15.54.05 (1).jpeg

Аталған келісім білім және ғылым саласындағы байланысты кеңейтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға жол ашады. Бұл өз кезегінде студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Түркі университеттері арасындағы серіктестіктің артуы – білім беру сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және халықаралық деңгейде ықпалдастықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...