«Күміс университеті» жобасы аясында заманауи курстар өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 қазан 2025
  • 112

«Күміс университеті» жобасы аясында заманауи курстар өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Күміс университеті» жобасы аясында «Жасанды интеллект» және «Қаржылық сауаттылық» тақырыптарында оқу курстары ұйымдастырылды.
Курсқа университет ардагерлері мен 50 жастан асқан азаматтар қатысып, заманауи цифрлық технологиялар мен қаржылық сауаттылық негіздерін меңгерді.
Оқыту бағдарламасының басты мақсаты – қатысушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, цифрлық ортада еркін бағдарлану және жеке қаржыны басқару дағдыларын арттыру болды. Курс барысында қатысушыларға онлайн банкинг жүйесін пайдалану, интернеттегі алаяқтықтан сақтану жолдары, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері түсіндірілді.

WhatsApp Image 2025-10-20 at 18.13.46.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-20 at 18.13.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-20 at 18.13.46 (1).jpeg

«Жасанды интеллект негіздері» бойынша дәрісті Kyzylorda Hub Бизнес-инкубатор орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев, ал «Қаржылық сауаттылық негіздері» бойынша сабақты «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Айгүл Макенова жүргізді.
Осындай оқыту бағдарламалары үлкен буын өкілдеріне жаңа білім мен дағдыларды игеріп, қоғам өміріне белсенді араласуға жол ашады. «Күміс университеті» жобасы – өмір бойы білім алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастама.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...