Қорқыт ата университеті мен Малайзияның Паханг университеті арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2025
  • 75

Қорқыт ата университеті мен Малайзияның Паханг университеті арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Малайзияның Паханг университетінің профессоры Ашраф Фаузи арнайы іссапармен келді.

Ректор Бейбіткүл Сарсемхановнамен өткен кездесуде профессор Ашраф мырза Қазақстан мен Малайзияның білім беру жүйелері көптеген ұқсастықтарға ие екенін атап өтті. Ол екі елдің де білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін күшейту және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында ортақ мақсаттарды көздейтінін айтты.

IMGL9470.jpg

IMGL9495.jpg

Сондай-ақ профессор Ашраф Фаузи екі ел арасындағы дін, мәдениет және ғылым салаларындағы рухани және адамгершілік құндылықтардың ұқсастығын да атап өтті. Тараптар алдағы уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және оқытушылар мен студенттер арасындағы тәжірибе алмасуды жандандыру мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде профессор Ашраф Фаузи университеттің докторанттарына дәріс оқып, халықаралық ғылыми басылымдардың сапа критерийлерін түсіндіруде. Сондай-ақ ол жарияланымдардың ықпалын арттыру жолдары, ғылыми мақалалардың индексін көтеру стратегиялары, және университеттің жалпы ғылыми рейтингін жақсарту тәсілдері жөнінде құнды кеңестерімен бөлісуде.

Мұндай кездесулер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті үшін үлкен маңызға ие. Себебі олар білім және ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтіп, университеттің жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал етеді.

IMGL9504.jpg

IMGL9518.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...