«Мен теңіздің ұлымын»: Шанжархан Бекмағанбетовтың шығармашылығына арналған кеш өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2025
  • 115

«Мен теңіздің ұлымын»: Шанжархан Бекмағанбетовтың шығармашылығына арналған кеш өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Шанжархан Бекмағанбетовтің 75 жылдығына арналған «Мен теңіздің ұлымын» атты шығармашылық-композициялық кеш өтті.
Шанжархан Бекмағанбетов – Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» Қазақ творчестволық бірлестігі жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын. Ол 1950 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Қасқақұлан ауылында дүниеге келген. 

WhatsApp Image 2025-10-23 at 18.53.47.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-23 at 18.53.00.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-23 at 18.53.22.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-23 at 18.52.29.jpeg

Ғалым адамзат тілінің пайда болуы мен қызметі туралы әлемдік деңгейдегі жаңа ғылыми бағыттың – генетикалық тіл ғылымының (Kaz-GL – Kazakhstani Genetic Linguistics) негізін қалаушы. Тіл теориясы мен тіл философиясы, семиотика салалары бойынша тың ғылыми идеяларды жүзеге асырып, тілдің генетикалық теориясы мен практикасын өмірге енгізу бағытында ширек ғасырдан бері еңбек етіп келеді.
Ол «Қазақ тіліндегі түсіндірмелі қатынастағы құрмаластардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері» (2009 ж.), «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» (1999 ж.), «Тіл генетикасы: тілдік таңбанышандық жүйе» (2014 ж.) атты ғылыми еңбектердің, сондай-ақ жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «7 Лекций по теории генетической лингвистики» (2020 ж.) оқу құралының авторы. 2025 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ОӘБ шешімімен ғалымның ЖОО студенттері мен оқытушыларына арналған «Генетикалық тіл біліміне кіріспе» атты екі томдық оқулығы жарық көрді. 
Сондай-ақ 70-тен астам ғылыми мақаласы мен 2010 жылы шыққан «Жүректегі жазулар» атты жыр жинағы бар.

WhatsApp Image 2025-10-23 at 18.51.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-23 at 18.51.55.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-23 at 18.51.44.jpeg

Кеш барысында студенттер ұстаздың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, студенттердің концерттік бағдарламасы кештің мазмұнын аша түсті. 
Іс-шара ұжымның көрнекті ғалымға деген құрметі мен шәкірттердің шығармашылық ізденісін айқын көрсетеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...