Педагогика ғылымдарының магистрі Мақпал Шакирова – «Ерен еңбегі үшін»» медалімен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қазан 2025
  • 178

Педагогика ғылымдарының магистрі Мақпал Шакирова – «Ерен еңбегі үшін»» медалімен марапатталды

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен университеттің аға оқытушысы, «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» БББ жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Мақпал Шакирова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында білім саласының дамуына айрықша үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарды мемлекеттік наградамен марапаттады. Құрмет төрінен көрінгендер  қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Мақпал Иманайқызы да бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы Мақпал Иманайқызын айтулы жетістікпен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер тілейді. 

WhatsApp Image 2025-10-23 at 11.16.25.jpeg  

 WhatsApp Image 2025-10-24 at 14.44.53.jpeg

Мақпал Шакирова Иманайқызы - Қорқыт ата атындағы ҚМУ түлегі. 2013 жылы ғылым магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын Қызылорда қалалық оқушылар сарайында «Жеке ән салу» үйірмесінің жетекшісі қызметінен бастап, кейін облыстық филармония солисі болды. 2007 жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. Білікті маман болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды зерттеу жобасы ретінде алып, 10 шақты мақала жазып шықты.  
 

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

1. 2001ж. Халықаралық «Менің Қазақстаным» атты ән-конкурсының «Бәрінен де сен сұлу» номинациясының жеңімпазы. Шымкент.

2. 2008ж. «Шабыт» халықаралық конкурсының лауреаты. Астана.

3. 2011ж. «Ғасырлар сазы» республикалық конкурсының лауреаты. Алматы.
4. 2013ж. «Жұбанов көктемі» Халықаралық конкурсының лауреаты.
Актөбе. 

5. 2015ж. «Ғасырлар сазы» республикалық конкурсының. Гран-при иегері. Алматы.

6. 2021ж. Қазан қаласында өткен Халықаралық «Kazan-Music ЙОРТ» музыкалық өнер шеберлері конкурсының лауреаты, 3-орын иегері. Ресей. Қазан.


МАРАПАТТАРЫ МЕН СЫЙЛЫҚТАРЫ:

1.  Халықаралық «Мәдениет майталманы» медалінің иегері 2014ж.

2. Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Үздік түлек» медалінің иегері 2017ж.

3. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Алтын медалінің» иегері 2017ж.

4. 2021ж. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері.

5. 2021ж. ҚР білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Алғыс хатымен  марапатталды. 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...