Қазақ-корей байланысы нығая түспек
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қазан 2025
  • 100

Қазақ-корей байланысы нығая түспек

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук  мырзаны қабылдады. Кездесудің алғысөзін ашып берген университет ректоры мәртебелі меймандарға оқу орнының бай тарихы, халықаралық байланыстары және стратегиялық даму бағыттары туралы ақпарат берді. Университеттің халықаралық ынтымақтастық аясындағы жетістіктері мен әлемдік білім кеңістігіне кірігу жолындағы қадамдары таныстырылды.

IMGL0549.jpg

IMGL0589.jpg

Басқосу барысында тараптар білім және ғылым саласындағы серіктестікті дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамалары мен студенттер алмасуы мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, корей тілін оқыту бағытындағы бірлескен жобалар мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтудің алғышарттары қарастырылды.

Жүздесу барысында Бейбіткүл Сәрсемханқызы келер жаңа оқу жылында (ағылшын-корей) қос шет тілдік бағдарламасы бойынша магистратура ашу жоспарланып жатқанын айтты. Осыған орай оқу-әдістемелік құралдармен қамту және PhD докторларына дәріс беру бойынша консулдық тарапынан қолдау қажеттігін айтты. Сонымен қатар Ректор университет базасында жаңа институт ашу көзделіп отырғанын және соған Бас консул ретінде оң ұсыным-пікір  білдірсеңіз деген тілегін жеткізді.  

IMGL0667.jpg

IMGL0668.jpg

Өз кезегінде сөз алған Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук  мырза мейірбандыққа толы жылы қабылдау үшін Ректорға алғыс білдіріп, университетті түлетуге бағытталған бастамалардың барлығы қолдау табатынын жеткізді. Бас консул Сыр өңіріне сапарының басты мақсаты да Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Корея Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық білім беру сапасын арттыруға және мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар байланысты одан әрі дамыта түсуге, студенттердің халықаралық тәжірибе алмасуын жандандыруға уағдаласты.

IMGL0734.jpg

IMGL0781.jpg

IMGL0747.jpg

Корейлік делегация университеттің 1-оқу ғимаратында орналасқан Корея бұрышымен танысып, корей тілін үйреніп жүрген жастармен де кездесті. Сондай-ақ сирек кездесетін құнды кітаптар мен жазбалар сақтаулы студенттер сарайына барды. Бас консул 18 ғасырда көне корей тілінде жазылған көптомдық жинаққа ерекше таңданыс білдірді. Мәртебелі меймандар Корей мемлекетінің Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлескен жобалар көрмесін аралап, жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты.  

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

     

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...