Ақерке Дәніш: “Академиялық ұтқырлық – өз мүмкіндігіңді сынаудың тамаша жолы”
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қазан 2025
  • 58

Ақерке Дәніш: “Академиялық ұтқырлық – өз мүмкіндігіңді сынаудың тамаша жолы”

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақерке Дәніш академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзірбайжан Спорт академиясында білім алуда.
Ақеркенің айтуынша, Әзірбайжанға бару бастапқыда ойында болмаған.

«Бір күні топтық чатқа академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы хабарлама келді. Сол кезде кураторым “сенің қабілетің жетеді, бағыңды сынап көр” деп қолдау білдірді. Ата-анаммен ақылдаса келе баруға шешім қабылдадым», – дейді студент.  

Бағдарламаға іріктелу барысында оған оқытушылар да қолдау көрсетіп, қажетті бағыт-бағдар берген. 
«Құжат жинау процесі бастапқыда күрделі көрінгенімен, бәрі ретімен жасалса қиын емес. Университет тарапынан да көп көмек болды», – дейді Ақерке.

Әзірбайжанға алғаш барған кезде жаңа орта тосын көрінгенімен, адамдардың жылы қабағы оның бейімделуін жеңілдеткен.
«Адамдар өте ашық, көмектесуге дайын тұрады. Бір жолы мүлде танымайтын адам жол көрсетіп қана қоймай, өзі ертіп апарып тастады. Сол сәт менің есімде ерекше естелік болып қалды», – дейді ол.
Студент Әзірбайжан Спорт академиясындағы оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктерін де атап өтті.

«Мұнда кей сабақтар табиғат аясында өтеді. Кей пәндерде студенттермен еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Сабақтар дәстүрлі форматта өтеді, кейбірі әзірбайжан, кейбірі орыс тілінде жүргізіледі», – дейді Ақерке.
Оқу ордасының материалдық базасы да жоғары деңгейде екен.
«Кітапханасы үлкен, аудиториялары кең. Жалпы жағдайы өте жақсы», – дейді студент.

Сабақтан тыс уақытта әзірбайжандық студенттер түрлі мәдени іс-шараларға, жарыстарға қатысып, серуендеуді ұнатады. Ақерке де жаңа достар тауып, ел мәдениетін жақынырақ тануға мүмкіндік алған.  
«Тіл мен ортаға бейімделу басында сәл қиын болды, бірақ күнделікті араласу арқылы тез үйреніп кеттім. Жаңа елді көріп, өзімді жаңа қырынан таныдым. Бұл тәжірибе маған өз-өзіме деген сенімділік сыйлады», – дейді ол.
Ақерке жергілікті тағамдардың ішінен долма мен кебабты ерекше ұнатқанын да жасырмады.

Сондай-ақ, ол магистратурада да шетелде білімін жалғастырғысы келетінін айтты.
«Қорықпаңыздар, өз күштеріңізге сеніңіздер! Академиялық ұтқырлық – өзіңізді сынап, жаңа мүмкіндіктер ашудың ең жақсы жолы», – деп аяқтады өз сөзін студент.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...