Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қазан 2025
  • 239

Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады


Магистратураға қабылдау.
2025 жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу жүргізіледі.

Осы мерзім ішінде шығармашылық дайындықты қажет ететін бейіндік магистратура бағдарламаларына түсушілер де құжаттарын тапсыра алады.

Тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді.

Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды және 10 қарашаға дейін білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру қаласын өзгерту бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады.

Осы күннен кейін деректерді түзету мүмкін болмайды.

Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 14 қарашада қолжетімді болады. Ғылыми-педагогикалық магистратураға арналған кешенді тестілеу электронды форматта өтеді және үш блоктан тұрады:

шетел тілі бойынша тест;

оқуға дайындық деңгейін анықтайтын тест;

білім беру бағдарламасының бейіні бойынша тест.

Тест тапсыру уақыты – 3 сағат 55 минут.

Шекті балл – 75 ұпай, оның ішінде шетел тілінен кемінде 25 ұпай, ал әр бейіндік пәннен 7 ұпайдан кем болмауы тиіс.

Докторантураға қабылдау. 2025 жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында қабылдау комиссиясы докторантураға түсушілерден құжат қабылдау және түсу емтиханына қатысуға тіркеу жүргізіледі.

Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Үміткерлер құжаттарын алдын ала ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына тапсыруы тиіс. Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар үміткерлер негізгі емтихандар басталғанға дейін ағылшын тілінен қосымша тест тапсырады.

Емтихан желтоқсан айында өтеді, ал нақты кесте туралы ақпарат 14 және 27 қарашада жеке кабинеттерде жарияланады. PhD докторантурасына түсу емтиханы мыналарды қамтиды:

Сұхбат, эссе, бейіндік сұрақтар.

Ал бейіндік доктор (оның ішінде индустриялық PhD) бағдарламасы үшін емтихан екі бөлімнен тұрады: сұхбат,бейіндік тест.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсу үшін ең төменгі шекті балы: PhD бағдарламасы үшін – 75 балл, бейіндік докторантура үшін – 50 балл.

 

Құжаттар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас оқу ғимараты 501-кабинетте қабылданады.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...