Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық даму департаменті механигінің бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қазан 2025
  • 61

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық даму департаменті механигінің бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Механик білуі тиіс: Автокөлік ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер; автокөлік құралдарының құрылысы, мақсаты, конструктивтік ерекшеліктері, техникасы пайдалану деректері және техникалық пайдалану тәртібі; жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясы мен ұйымдастырылуы; автомобиль көлігі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі қолданыстағы ережелер және материалдық ынталандыру нысандары; есепке алу және құрастыру тәртібі есептеу техникасын пайдалану тәртібі; жол қозғалысы тәртібі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, Еңбек және басқару негіздері; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Механиктің  біліктілік талаптары:  Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.11.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...