Арал теңізі табанының экожүйесін жақсарту жобасы жүзеге асырылады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2025
  • 116

Арал теңізі табанының экожүйесін жақсарту жобасы жүзеге асырылады

Астана қаласында Болат Өтемұратов қорының бастауымен Арал теңізі табанының экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған төртжақты меморандумға қол қойылды. Серіктестер қатарында Болат Өтемұратов қоры, Берклидегі Калифорния университеті, Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бар. 

Эко жоба аясында пилоттық сынақ ретінде 1 гектар аумаққа тұқым отырғызу 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында басталады. Ғылыми дәлелденген жерсіну көрсеткіштері 20 пайыздан жоғары болған жағдайда, пилоттық жобаның екінші кезеңі шеңберінде 2027 жылы Арал теңізінің 50 гектар құрғаған табанына тұқым себіледі. Болат Өтемұратов қорының қаржыландыруымен жүзеге асатын эксперименттік жобаның құны 600 мың АҚШ долларын құрайды.

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.45.5211.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.45.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.46.05 (3).jpeg

Жиында сөз алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова осы жобада Арал аймағының жетекші жоғары оқу орнының ғалымдары "Өсімдіктерді отырғызудың инновациялық әдісін қолдана отырып, Арал теңізі түбінің экожүйесін жақсарту" бойынша негізгі міндеттерді орындайтынын жеткізді.

«Университеттің зерттеу тобы биологтардан, экологтардан, агрономдардан, су шаруашылығы мамандарынан, химиктер мен топырақтанушылардан, IT-мамандардан тұрады. Сырбойылық ғалымдарға "Тестілік кезеңін дайындау", "Қазақстанда 3000 e-seed контейнерлерін өндіру", "1 га тәжірибелік учаскеде тестілеу", "Мониторинг және бақылау" жұмыстары жүктеліп отыр. Бұл жоба әлем үшін, оның ішінде зардабын мейлінше қатты сезініп отырған Сыр елі үшін Үлкен үміттің бастауы болмақ» деді,-ректор.   

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.46.05 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.46.06 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.46.05 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.45.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-29 at 23.45.52 (1).jpeg

Жалпы 90-жылға жуық тарихы бар Қорқыт ата университетінде орта Азияның көгілдір алқасы саналатын Арал теңізінің экологиялық зардаптарын жою бағытында ғылыми және қолданбалы зерттеулер бұған дейін де іске асырып келеді. Университет ғалымдары Арал өңірінің экожүйесін зерттеуге, сондай-ақ су ресурстарын сақтау, дәнді дақылдарды экологиялық сынау, су тапшылығы жағдайында сарқынды суларды тазарту технологиясымен үнемі айналысып келе жатыр. Білім ордасында 2024 жылы алғаш рет Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы ашылды. Бүгінгі таңда университеттің 38 отандық және халықаралық ғылыми жобаларының ішінен ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің гранттық каржыландыру аясында 5 жоба жүзеге асырылып отыр. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында университет  ғалымдары Германия, Қытай, Ресей ғалымдарымен бірге Арал теңізінің экологиясы мен қоршаған ортасы бойынша Халықаралық кешенді ғылыми экспедицияға қатысты. Мақсаты – Арал өңірінің экологиялық жағдайына кешенді бағалау жүргізу, биоалуантүрлілікті сақтау және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу. Қазіргі таңда ғалымдарымыз Познаньдағы Адам Мицкевич университетінің гранттық жобасының стратегиялық серіктесі болып табылады. Зерттеушілер құрамында Адам Мицкевич университетінің, Познаньдағы Денсаулық ғылымдары университетінің және Анн Арбордағы (АҚШ) Мичиган университетінің ғалымдары бар. Ал келесі аптада Арал мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасының қолдауымен Арал теңізінің 60 гектар жерінде 18 мың қара сексеуіл көшеттерін отырғызу бойынша "Araldy Saqta" экологиялық акциясы жоспарланған. Оған да Қорқыт ата университетінің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсене қатысады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...