Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде түркі әлемінен келген қонақтар!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2025
  • 114

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде түркі әлемінен келген қонақтар!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Түркия Республикасының Мардин қаласындағы Жастар орталығының мамандарынан құралған 10 адамдық делегацияны қарсы алды.

Сапар барысында Анадолы елінен келген меймандар Сыр өңірінің бай мәдениеті мен кенен тарихына қанығып, университеттің тыныс-тіршілігі, студенттердің шығармашылық және ғылыми бағыттағы жетістіктерімен танысты.

IMGL2804.jpg

IMGL28171.jpg

IMGL2811.jpg

IMGL2825.jpg

Делегация мүшелері үшін бұл сапар ерекше әсерлі болды. Олар түркі тілдес елдер үшін аса маңызды тұлға — Қорқыт ата жайлы мәліметтерді тек кітап беттері мен ғаламтордан ғана емес, оның тарихи мекені киелі Сыр өңірінің жүрегінен көрудің үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева түбі бір туыс елдің өкілдеріне жылы лебізін білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған емен-жарқын сұқбат жүргізді.

IMGL2933.jpg

IMGL2918.jpg

IMGL2920.jpg

Тағылымы мол осындай кездесулер түркі халықтарының рухани және мәдени байланысын тереңдетіп, жастар арасындағы өзара түсіністік пен достықты арттыруға зор мүмкіндік береді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...